adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

САРЫАҒАШТА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылында «Ауыл құтқарушысы» жобасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, төтенше жағдайлар қызметінің басшылық құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты іс-шарада Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов құттықтау сөз сөйлеп, ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құтқару қызметінің қолжетімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Жаңа бекет ведомстволық «Ауыл құтқарушысы» жобасы аясында бой көтерген. Нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар кезінде оқиға орнына жедел жетуге және авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа нысан заманауи модульдік технология негізінде салынған. Бекет заманауи байланыс және диспетчерлік жүйелермен жабдықталған. Қызметкерлердің демалуына, киім ауыстыруына және кәсіби дайындықтан өтуіне арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Нысанның құрылымы қажет болған жағдайда оны кеңейтуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жаңа бекеттің іске қосылуы ауылдық жерлерде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Іс-шара аясында бекет аумағына шырша ағашы отырғызылды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТЫРАУДА 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ БАСКЕТБОЛ ЗАЛЫНДА ОЙНАП ЖҮРІП, КӨЗ ЖҰМДЫ

Admin

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Admin

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫ ҚЫСҚАРТУ: ҮКІМЕТ ЖАҢА ЖОСПАРДЫ БЕКІТТІ

Admin

Пікір қалдырыңыз