14.3 C
Shymkent
12 октября, 2026
adilettv

СЕРІК СӘПИЕВ ПЕН ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰМЫСТЫН КЕТТІ

Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен босатылды.
Сондай-ақ оның орынбасары Дәурен Есімханов та өз еркімен жұмыстан кеткен.
Бұған дейін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті оның орынбасары Дәурен Есімханов ұрып-соқты деген ақпарат тараған.
Содан кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Қоғамда кез келген келіспеушілік пен жұмыс барысындағы даулы мәселелер тек құқықтық алаңда шешілуі қажет. Әрбір басшы ұжымдағы тәртіпке, заңның сақталуына және мемлекеттік органның беделіне жеке жауап береді», – деді Бөлекпаев.
Ал Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жағдайға әкімдік пен мемлекеттік қызмет істері департаменті баға беретінін айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІШКЕНТАЙ БАЛАНЫ ТЕПКІНІҢ АСТЫНА АЛҒАН

Admin

В Шымкенте обсудили вопросы поддержки предпринимателей и инвесторов

Admin

Шымкент қаласында 634 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді

Admin

Пікір қалдырыңыз