16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

СЕРІК СӘПИЕВ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ғана Қарағанды облысындағы лауазымынан айырылған Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ол сондай-ақ Азия ойындарына дайындық штабында жұмыс істемек.
«Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды», — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы осы ведомствоның басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босағанын хабарлаған еді.
Серік Сәпиев — бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘМБЕБАП ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КЕШЕНДЕРІ АШЫЛДЫ

Admin

ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

Admin

Пікір қалдырыңыз