18.3 C
Shymkent
20 мая, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданының тұрғындарымен және міс тұрғын алабы мен Нұрсәт шағынауданында көшпелі кездесу өткізді. Кездесу барысында жедел шешімді талап ететін бірқатар мәселе талқыланды.
Тұрғындар жер учаскелерін рәсімдеу, жол қиылыстарына бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын орнату, фермерлерді ағын сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ Шапырашты және Өтеміс тұрғын алаптарында орналасқан инженерлік желілерді Түркістан облысының қарамағынан қаланың коммуналдық ұйымдарына беру мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, асфальтты жаңарту, мектеп, гүлзар және балалар ойын алаңын салу, балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығын ашу жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты мәселелер де қаралды. Атап айтқанда, үй кезегіне қою тәртібі, кәсіпкерлік нысандардың жұмыс режимі және көше жарығын қосу мен өшіру кестесін түзету мәселелері талқыланды.
Қала әкімі тұрғындардың белсенді ұстанымын атап өтіп, мазмұнды ұсыныстарына алғыс білдірді. Айта кету керек, бірқатар өтініш кездесу барысында-ақ шешімін тапты. Қосымша пысықтауды қажет ететін басқа мәселелер жұмыс жоспарына енгізіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА 2 МЫҢНАН АСТАМ МАМАН ҚАЖЕТ

AdiletTV

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі белгіленбеген орындардағы қоқыстар мен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

AdiletTV

2026 ЖЫЛЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАУПІ БАР

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз