16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

Шымкент қаласы: Қоғам қауіпсіздігі Шымкенттік тәртіп сақшыларының басты назарында

Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Д.Таевтың төрағалығымен жедел кеңесі өтті.
2024-2025 оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқушылары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында барлық білім беру ұйымдарына ювеналдық полиция инспекторлары, учаскелік полиция инспекторлары және криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі қызметкерлері бекітілді.
Бекітілген қызметкерлер профилактикалық жұмыстармен қатар күнделікті таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта білім беру ұйымдарының аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында қызмет атқарып, оқушылардың оқу сабағына қауіпсіз келіп-кетуін қамтамасыз ететін болады.
Ондағы мақсат – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Admin

«КИБЕРАЛАЯҚТЫҚ: АЛДЫН АЛУ, ҚОРҒАУ, ЖАУАПКЕРШІЛІК» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Admin

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған Орталық Азия елдерінің IX халықаралық театр фестивалі

Admin

Пікір қалдырыңыз