adilettv Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Жаңалықтар Спорт Шымкент

ШЫМКЕНТ СПОРТЫНЫҢ АЗИЯДАҒЫ АЙШЫҚТЫ КҮНІ: ТӨРТ ҚОЛА

Бүгінгі жарыс күнінде Шымкент қаласының спортшылары Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына төрт қола медаль қосты.

Нысана көздеу: София Шульженко мен Елизавета Безрукова Қазақстан әйелдер құрамасының сапында командалық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Байдарка және каноэде есу: Шымкенттік Стелла Суханова 500 метрге бірлік-байдарка жарысында мәреге үшінші болып, Азия ойындарындағы екінші жүлдесін еншіледі.

Байдарка және каноэде есу: Сергей Емельянов пен Руфина Искакова аралас екілік-каноэде 500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алды.

Семсерлесу: Қуаныш Эргашбай Қазақстан ерлер құрамасының сапында қылыштың командалық сайысында қола жүлдегер атанды.

Осылайша Шымкент спортшылары Азиададағы жүлде қорын толықтырып, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Admin

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

Admin

«Шаш ал десе, бас алуға жол жоқ!» Шетелдегі активтер қалай қайтарылып жатыр?

Пікір қалдырыңыз