22.3 C
Shymkent
28 сентября, 2026
adilettv Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Бизнес Жаңалықтар Регион Саясат Технология Шымкент Экономика Экономика

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН-ВЕНГРИЯ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтіп, оған екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және бизнес өкілдері қатысты.

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулы Саболч Сёке Карой, Венгрияның Бас консулдығының өкілдері, қала әкімдігінің, даму институттарының, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ, қазақстандық және венгриялық компаниялардың басшылары қатысты.

Форумға қатысушыларға Шымкент қаласының инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуеті, бизнесті қолдаудың қолданыстағы шаралары және ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары таныстырылды. Негізгі назар агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, өнімді қайта өңдеуге, өндірістік кооперацияға және жаңа өндірістерді оқшаулауға аударылды.

Іскерлік бағдарламаның маңызды бөлігі B2B кездесулерге арналды. Қазақстандық және венгриялық компаниялардың өкілдері нақты инвестициялық ұсыныстарды, жабдықтар мен өнімдерді жеткізуді, технологиялық ынтымақтастықты, бірлескен кәсіпорындар құруды және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуды талқылады.

Венгрия делегациясы сапар аясында Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорынды аралап, өндірістік мүмкіндіктермен, өнеркәсіптік инфрақұрылыммен және одан әрі ынтымақтастық бағыттарымен танысты.

Айта кетейік, Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей диалог орнатып, нақты жобаларды талқылауға мүмкіндік берді. Форум өзара сауда көлемін арттыруға, инвестиция тартуға және Қазақстан мен Венгрия арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АСТАНА ЖАСТАР ТЕАТРЫ ШЫМҚАЛАМЫЗДА

АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН ОТБАСЫ: АҒАСЫ НАУРЫЗ БЕН ҚАРЫНДАСЫ МИРАМГҮЛДІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысы: адам папиллома вирусы

Максим Сейтенов

Пікір қалдырыңыз