23.3 C
Shymkent
21 мая, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

Шымкент қаласында 2025–2026 оқу жылында мектеп бітірушілердің 64,1 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында биылғы ҰБТ-ға 10 287 түлек өтініш бергені мәлім болды.
Тестілеу 12 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Қазіргі таңда тестілеуді ұйымдастыру жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес жүргізілуде. Қалада талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 4 аймақтық тестілеу орталығы жұмыс істейді. Олар жоғары оқу орындары мен колледж ғимараттарында орналасқан. Мамандардың айтуынша, тестілеу барысында академиялық адалдық талаптары қатаң сақталып, қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді.
2025–2026 оқу жылында Шымкент қаласында «Алтын белгі» мен «Үздік» аттестатқа үміткер оқушылар саны айтарлықтай өскен. Ресми мәліметке сәйкес, биыл «Алтын белгіге» 786 оқушы үміткер болса, 11-сынып бойынша 1 123 түлек, ал 9-сынып бойынша 1 580 оқушы «Үздік» аттестаттан үмітті. Өткен оқу жылымен салыстырғанда «Алтын белгіге» үміткерлер саны 136-ға көбейген. Сонымен қатар, 9-сыныптағы үздік аттестат иегерлерінің қатары да едәуір артқан.
Сондай-ақ, биыл қорытынды аттестаттау емтихандары мамыр-маусым айларында өтеді. 9-сынып оқушылары төрт пән бойынша емтихан тапсырса, 11-сынып түлектері бес пәннен қорытынды сынақтан өтеді. Білім саласының мамандары емтихандарды ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауда екенін атап өтті.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН ИРАН ХАЛҚЫНА ҚАЗА ТАПҚАНДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

AdiletTV

ӘСЕТ ЕРҒАЛИЕВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛДЫ

AdiletTV

ТҮРКІСТАН: ТӨРТКҮЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАҒЫ БІР ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз