adilettv

ШЫМКЕНТТЕ 21 ЖАСТАҒЫ НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫ ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКТІ ЖЫНДЫХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдікке ілінген азамат психикалық ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Бұл жағдай марқұмның туыстары мен қоғам арасында үлкен резонанс туғызды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті Шымкентте медициналық тексеруден өтіп, психикалық жағдайына байланысты анықтама алған. Алайда марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай бұл қорытындымен келіспей, істің әділ қаралуын талап етіп, Алматы қаласында қосымша сараптама жүргізуді сұраған. Оның айтуынша, Алматыдағы сарапшылар да күдіктінің психикалық ауытқуы бар деген ұқсас қорытынды жасаған.

Қазіргі таңда күдікті Талғар қаласындағы психикалық денсаулық орталығында ем қабылдап жатыр. Бұл жағдай марқұмның жақындарының наразылығын күшейтіп отыр. Сұлтан Серікбай күдіктіге мұндай диагноз қойған дәрігерлердің әрекетін мұқият тексеруді талап етуде. Ол медициналық қорытындылардың шынайылығына күмән келтіріп, тәуелсіз сараптама жүргізуді сұрайды.

Айта кетейік, бұл іс бойынша құзырлы органдар әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталған сайын қосымша ақпарат жарияланатын болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

AdiletTV

«ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КЛУБЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, БЕЛГІЛІ МАМАН КИРИЛЛ СЕРГЕЕВИЧ КЕКЕР 46 ЖАСЫНДА ӨМІРДЕН ӨТТІ.

AdiletTV

ПОСЛЫ ПЕРЕМЕН: МОЛОДЁЖЬ ШЫМКЕНТА ВЫСТУПИЛА ЗА ЗАКОН И ПОРЯДОК

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз