19.3 C
Shymkent
21 мая, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ НҰРАЙ СЕРІКБАЙ ІСІ: КҮДІКТІ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл оқиғаға байланысты күдікті жауапкершіліктен құтылып кетпейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдіктіге қатысты барлық қажетті емдеу және сараптама шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған рәсімдер толық аяқталғаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарының қарауына қайта жеткізіліп, қылмыстық іс толықтай жинақталып, сотқа жолданатын болады.

Министр орынбасары істің бақылауда екенін атап өтіп, тергеу амалдары заң аясында жан-жақты жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол кінәлі тұлғаның заң алдында міндетті түрде жауап беретінін ерекше атап өтті.

Қоғам белсенділері мен марқұмның туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ДА РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

AdiletTV

ТҮРКИЯ ПАРЛАМЕНТІНДЕ ДЕПУТАТТАР ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛДЫ

AdiletTV

ОБЕСПЕЧЕН 100%-Й ОХВАТ ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ ВСЕХ НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ СТРАНЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз