15.3 C
Shymkent
14 октября, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ «ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БАЗАСЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Ордабасы» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарын өткізуге арналған заманауи, көпфункционалды спорт базасы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Мегаполис басшысы жаңа спорт нысанының бұқаралық және кәсіби спортты дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтіп, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлаудағы заманауи инфрақұрылым құрудың маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, демеушілердің есебінен соғылған жаңа спорт базасының жалпы аумағы 6 мың шаршы метрден асады, табиғи және жасанды футбол алаңдары, екі жаттығу залы, эллингтер, байдарка және каноэ секцияларына арналған жайлар, сондай-ақ, медициналық пункт бар. Кешен аумағында қонақ үй де жұмыс істейді.
Аумақты абаттандыру аясында ауқымды жұмыс атқарылды. Жаңа футбол алаңдары салынып, жолдарына асфальт төселді, Бадам су қоймасының жағалауы нығайтылып, инженерлік желілер мен ғимараттардың бөлмелері жаңартылған.
Нысанның ашылуы қаладағы спорт инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып, Шымкенттің еліміздің жетекші спорт орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КОКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯЛАРДЫ ЖЫМҚЫРУ ІСІ БОЙЫНША ҮКІМ ШЫҒАРЫЛДЫ

Admin

«МАЛ ТИЕГЕНДЕЙ ТИЕП АЛЫПТЫ»: АҚТАУДА КОММУНАЛДЫҚ КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КАМАЗДЫҢ ЖҮК ТИЕГІШІНДЕ ТАСЫҒАН.

Admin

Рост промышленности в I квартале 2025 года: новый этап развития Шымкентского региона

Admin

Пікір қалдырыңыз