16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ РЕСМИ АШЫЛДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ауласы бүгін ерекше қарбаласқа толы болды. Дүниежүзілік балалар күніне орай мұнда елдегі алғашқы «ЮНИСЕФ Жастары» жастар хабы ресми түрде жұмысын бастады. Университет ғимаратына кіреберісте жиналған жастардың қуанышты қозғалысы, еріктілердің тіркеу үстеліндегі қызу дайындық — бәрі жаңа орталықтың өңірде үлкен серпін беретінін аңғартқандай.
Салтанатты шара басталар алдында алаңды үнсіздік басты. Жетісай ауданында қайтыс болған 9 балаға арналға бір минуттық үнсіздікке жүздеген қатысушы тік тұрып тағзым етті. Көңілге ауыр тиген бұл сәт хабтың басты миссиясы, балалардың қауіпсіздігін қорғау екенін айқындай түсті.
Бірінші болып ОҚПУ ректорының міндетін атқарушы Жанбол Жилбаев көтерілді. Ол хабтың жастар мен университет үшін маңызын атап өтті. Одан кейін мінберге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар шығып, Шымкентте еліміздегі алғашқы хабтың ашылғанымен құттықтап, халықаралық ұйымның өңір жастарына сенім білдіретінін жеткізді.
Жастар құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі Аружан Әлжан да жастардың қоғамдық белсенділігін арттырудағы хабтың рөліне тоқталды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Admin

ТҰРАН АУДАНЫ: БАЛАЛАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз