11.3 C
Shymkent
25 октября, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қыз-келіншек мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Шымкент қаласындағы «№7 үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік қызметкері Ісбасарова Қаншыкүл Тілеубайқызы да бар. Ол ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен наградталды.
Қаншыкүл Тілеубайқызы әлеуметтік салада көп жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. 2011 жылдан бастап аталған орталықта әлеуметтік қызметкер ретінде жалғызбасты қарттар мен үй жағдайында күтімді қажет ететін мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді.
40 жылдық еңбек тәжірибесі бар маман өз ісіне жауапкершілігімен, мейірімділігімен және кәсібилігімен әріптестері мен қызмет алушылардың құрметіне ие.
Көпжылдық адал еңбегі мен әлеуметтік қорғау саласына қосқан үлесі үшін лайықты марапатқа ие болды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

Admin

АТЫРАУҒА ЖЕТКІЗІЛГЕН АҚБАЯН МҰҚАНҒАЛИЕВА ПСИХИАТРИЯЛЫҚ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Admin

МӘДЕНИЕТ ОРДАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТСІЗДІК

Admin

Пікір қалдырыңыз