adilettv

Шымкенттік полицейлер қала мектептерінде «Нашақорлыққа-жол жоқ!» іс-шарасын өткізіп жатыр.

Шымкент қаласының полиция департаментінің қызметкерлері мүдделі мемлекеттік және жергілікті аумақтық органдармен бірлесе отырып, нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы бағытта елеулі жұмыстар атқаруда.
Сондай-ақ, оның алдын алу бағытына ерекше көңіл бөліп, қоғамдағы жастар мен жасөспірімдерді, оқушылар мен студенттерді одан аулақ болуға шақыру үшін кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.

Жаңа оқу жылының басталуына орай, полицейлер қала мектептерінде оқушылармен кездесулер өткізіп, есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер, тәрбие сағаттарын өткізуде. Осы мақсаттағы жұмыстарда полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде.
Оқушыларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың денсаулыққа қауіптілігі жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болудың маңыздылығын атап көрсетуде.

Сонымен қатар, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақыруда.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу – баршамызға ортақ іс. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Шымкент қаласы полиция департаменті барша қала тұрғындарын оның алдын алу мен жолын кесуге ат салысуға шақырамыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛАЯҚТЫҚ БОЙЫНША СОТТАЛҒАН ЭКС-СУДЬЯ СВЕТЛАНА ЖОЛМАНОВА ТАҒЫ ДА ЖАЗА АРҚАЛАДЫ

AdiletTV

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТЫНА ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

SHYMKENT IT HUB – ИННОВАЦИЯЛАРҒА ЖОЛ АШАТЫН ОРТАЛЫҚ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз