Жаңалықтар Қоғам

Тұман мен бұрқасын: Астанада және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды: оңтүстікте тұман түседі, солтүстікте қарлы боран соғады, — деп хабарлайды AAspan.info тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысында солтүстікте қарлы боран, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метр.

5 наурызда Қостанай облысының батысында және шығысында тұман күтіледі.

5 наурызда түнде оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі.

Астанада 5 наурызда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. 7 наурызда оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында көктайғақ болды. 7 наурызда оңтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Таразда 6-7 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 7 наурызда таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

5 наурызда түнде және таңертең оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте әкесі мен баласы есірткі таратқаны үшін ұсталды

admin

АҚШ пен Еуропа елдері Мәскеуде алдағы 48 сағатта лаңкестік әрекеттер қаупі бар екенін ескертті

АЛЫПСАТАРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ҚОЛДАН ТАПШЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

Пікір қалдырыңыз