adilettv

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында қарттарға құрмет көрсетілді.

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!
Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Халықаралық қарттар күніне» орай ашық есік күні өтті. Емханаға келген егде жастағы тұрғындардан алдын алу және ине егу кабинетінде қан кұрамындағы қант деңгейі тексеріліп, қан қысымы өлшенді. Бейінді мамандар: невропатолог, хирург, окулист, лор қабылдау жүргізіп кеңестер берді. Қажеттіліктеріне байланысты егде жастағы тұрғындар тексерілуден өтіп, кеңес алды. Сонымен қатар қарттарға мамандармен көмек көрсетіліп, тексерулер жүргізілді, салауатты өмір салтын сақтауды ұсынылды.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА УСТАНОВЛЕНО 295 НОВЫХ БАЗОВЫХ СТАНЦИЙ И МОДЕРНИЗИРОВАНО 398 СТАНЦИЙ

Admin

Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғау туралы заңдарға қол қойды

“180 000 ТЕҢГЕ АЛАДЫ”: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКПЕН ИПОТЕКА БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз