15.3 C
Shymkent
12 октября, 2026
adilettv Ақпарат Бизнес Қоғам Регион Саясат Технология Түркістан Экономика Экономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигондар реттеліп, талапқа сай болуы қадағаланады.

Осы орайда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында басқарма басшысы Манкент ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонға барып, қазіргі жай-күйімен танысты. Жауапты тұлғаларға полигондарды тиісті деңгейде күтіп ұстау, анықталған кемшіліктерді жою және аумақтарды талапқа сай ретке келтіру бойынша тапсырмалар берілді.
Жалпы облыс аумағында қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптаумен, оның ішінде пластмасса, пластик, шыны, қағаз-картон өнімдерін іріктеумен 15-ке жуық шағын және орта бизнес субъектілері айналысады. Ал қайта өңдеу бағытында пластикалық құбырларды өндіруге арналған шикізат пен химиялық талшық өндіретін 5 жеке кәсіпорын жұмыс істейді.
Облыстың даму бағдарламасының негізгі индикаторының бірі пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі 2025 жылы 31% межеленіп, толық орындалды. Биыл 33% жеткізу жоспарланып, 9 айдың қорытындысымен 32% орындалды.
Қалдықтарды қайта өңдеу бағытын жандандыру мақсатында, облыс аумағындағы аудан, қалаларды аймақтарға бөліп, «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген несие қарастырылып, қаржыландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Маңғыстаудағы ереуіл: ҚМГ-да West Oil Software жұмысшыларына төленетін төлемдердің мөлшері анықталды

admin

По итогам 2024 года количество занятых в сфере малого и среднего предпринимательства достигло 244,6 тыс. человек, что на 4,8% больше по сравнению с соответствующим периодом прошлого года.

Admin

ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫ ТАРАТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз