15.3 C
Shymkent
14 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде ішкі саясат саласын дамытудың өзекті мәселелері мен алдағы міндеттер талқыланды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева саладағы басым бағыттар мен жаңа бастамалар туралы баяндады.

Мәжілісте азаматтық қоғам институттарымен байланысты нығайту, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді мазмұнды ұйымдастыру, этносаралық келісімді дамыту және ішкі саясат саласындағы жұмысты жетілдіру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар Түркістан облысының ішкі саясаты мен қоғамдық құндылықтарын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы таныстырылды. «Тұран төріндегі текті өлке» идеясын негізге алған құжат өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, адал еңбек пен тазалық құндылықтарын орнықтыруға бағытталған.
Жиында ішкі саясат саласындағы кадрлық мәселелер мен басқарманың құрылымын жетілдіру қажеттігі де көтерілді.
Облыс әкімі жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдіктеріне ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеуді, азаматтық қоғам өкілдерімен байланысты күшейтуді және ақпараттық-түсіндіру шараларының сапасын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ өңірдің қоғамдық құндылықтарын дәріптеп, тұжырымдамада көзделген міндеттердің нақты іске асырылуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТІГІН ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Admin

Шымкент қаласы: Еңбекші АПБ полицейлері ашық есік күнін өткізді

Admin

ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз