adilettv

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысын тексерді.

Атап айтқанда, Нұрлыбек Нәлібаев Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығының жұмысымен және жылу желілерін жаңғырту барысымен танысты. 1952 жылы пайдалануға берілген жылу электр орталығы қала тұрғындарын, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды жылумен қамтамасыз ететін негізгі нысан болып саналады. 2024 жылы стансадағы №7-12 қазандықтар жаңғыртылып, технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Сондай-ақ ұзақ уақыт тоқтап тұрған ТГ-6 турбинасы қайта іске қосылды.
Қаланы жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру үшін 14,5 шақырым магистральдық және 14,6 шақырым орамішілік жылу желілері қайта жаңғыртылуда.
Түркістан қаласындағы заманауи медициналық нысандарды аралау алдымен 80 орындық №3 перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратынан басталды. Жоба Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында «Абу-Даби» даму қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.
Кешен төрт блоктан тұрады, жүктілік патологиясы бөлімі, босанғаннан кейінгі бөлім, босану және операция залдары, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, сондай-ақ шала туған нәрестелерді күтуге арналған орындар қарастырылған.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 100% аяқталған. Медициналық жабдықтарды сатып алу екі кезеңмен жүргізіледі, бүгінгі қамтамасыз ету деңгейі 75%. Нысанды желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр, іске қосылғанда 70 жаңа жұмыс орны ашылады.
Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана құрылысы жалғасуда. Қазір нысанның дайындық деңгейі 88%, мұнда 300 адам еңбек етуде. Бұдан бөлек, Нұрлыбек Нәлібаев Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығында салынған 26 бес қабатты тұрғын үйді аралап көрді. Тұрғын үйлердің құрылысына 28,2 млрд теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары өткен жылы шілдеде басталып, биылғы мамырда аяқталған. Жаңа тұрғын үйлерде 1 039 пәтер бар.
Сапар қорытындысы бойынша жауапты басшыларға құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімдерді сақтау, Кентау қаласының жылу желілерін жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін шешу, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: управлением полиции Аль-Фарабийского района с начала года в целях повышения правовой грамотности подростков проводится 785 бесед-лекций и разъяснительных работ на различные темы.

Admin

Тоқаев су басқан Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Шымкент кедергілер алаңына айналып барады: асфальт пен тротуардан биік орнатылған кәріз құдықтарының қақпақтары жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық туғызуда

Admin

Пікір қалдырыңыз