14.3 C
Shymkent
13 сентября, 2026
Қоғам Спорт

ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркістанда волейболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ҚР ХХХІІ чемпионатының плей-офф ойындары аяқталып келеді. Шаршы алаңдағы волейбол бәсекесіне елімізден 8 команда қатысып, өзара мықтыларын анықтаған болатын.

«Тұран» волейболшылары алдымен Петропавлдың «Қуаныш» командасымен кездесіп, қарсыластарын қапы қалдырды. Ал финалда Өскеменнің «Берел» бұрымдыларымен кездесіп, «Тұран» құрамасы екі күн қатарынан жеңіске жетіп, ҚР ХХХІІ чемпионатының жеңімпазы атанды. Биыл волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық лига ойындарына екінші рет қатысқан тұрандықтар сенсациялық нәтиже тіркеп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Енді ойынның соңғы күні «Жетісу» мен «Қуаныш» командалары қола жүлде үшін шешуші ойын өткізеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ

Алматы маңында өлі табылған ер адамның жоғалып кетуінің егжей-тегжейлері белгілі болды

admin

Макрон Елисей сарайында қазақ тазасымен түсірілді

admin