Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Болгария Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президенті Румен Радевті республиканың ұлттық мерекесі — Азаттық күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні Болгария Еуропалық Одақтың белсенді мүшесі ретінде орнықты даму мен елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті.Сіздің басшылығыңызбен Болгария өзінің биік мақсаттарына жетуін тілеймін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық көкжиектерін тұрақты түрде кеңейту», — делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Тоқаев бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Болгария арасындағы көп қырлы қарым-қатынастар одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Болгария Президентіне жауапты қызметінде табыс, ал достас болгар халқына гүлдену мен амандық тіледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Көктайғақ және тұман: Астана мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Маңғыстауда итбалықты құтқару бейнеге түсті

admin

Қазақстандықтар мемлекеттік сатып алу ережелерін бұзғаны үшін нақты мерзімге ие болды

Пікір қалдырыңыз