18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
adilettv

ТУЫСТЫҚ ДОНОРЛЫҚ: ІНІСІ АҒАСЫНА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

Шымкентте 244-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясына арналған 244-ші ота сәтті аяқталды. Бұл жолы донор — науқастың туған інісі болып, ағасының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Реципиент 2020 жылдан бастап «созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі» диагнозымен дәрігерлердің тұрақты бақылауында болған. 2023 жылдан бері гемодиализ емін қабылдап келген. Аталған терапия бүйрек қызметін уақытша алмастырып, науқастың күнделікті өмір сапасына елеулі әсер етеді. Гемодиализ аппараты демалыс күндері жұмыс істемегендіктен, науқас сенбі және жексенбі күндері келесі ем-домды күтумен күрделі жағдайда өткізген.
Осындай жауапты сәтте інісінің донор болуға шешім қабылдауы — бауырмалдықтың, адамгершілік пен жоғары жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
Ота №1 қалалық клиникалық ауруханасының жоғары білікті трансплантолог-дәрігерлер тобының қатысуымен жүргізілді. Бүйрек трансплантациясы реципиенттің өмір сапасын айтарлықтай жақсартып, толыққанды өмірге қайта оралуына зор мүмкіндік береді.
Айта кетейік, №1 қалалық клиникалық ауруханасында ағза трансплантациясы медициналық көмектің жоғары технологиялық түрі ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МҰХТАР ШАХАНОВ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНЕ ТҮСТІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ №5 ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №6 тірек пунктінде интернет алаяқтықтың алдын алу үшін базар аумақатарында арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз