adilettv

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Тәңірберген Отарбаев және Қазақстанның оңтүстігінде қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларының тағдыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, елімізге белгілі тарихшы ғалымдар, шетелдік және қазақстандық архив пен музей өкілдері, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты.
Конференцияға қатысқан әлеуметтанушы, жазушы, Тәңірберген Отарбаевтың ұрпағы Мұрат Төлентаев ата-баба мұрасын дәріптеудің жастар тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Бұл жиын – ел тәуелсіздігі жолында күрескен тұлғалардың өмірі мен еңбегін ұлықтап, олардың өнегесін өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен тағылымды шара болды.
М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан зерттеу Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сейдехан Нұрмаханұлының айтуынша, Мемлекет басшысының жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, өңірлерде ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл конференция – сол еңбектердің қорытындысы ретінде ұйымдастырылып, ұлт тарихындағы Алаш арыстарының мұрасын ұлықтауға бағытталды.
Айта кетейік, мұндай ғылыми конференциялар жас ұрпаққа тарихи жадыны жаңғыртып, ел тарихына құрметпен қарауға үндеу болып табылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

AdiletTV

Шымкент қаласында агроөнеркәсіптік кешен дамуының ағымдағы жағдайы

AdiletTV

BURGER KING KAZAKHSTAN-ДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ДАУЫНАН КЕЙІН КОМПАНИЯ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз