-7.7 C
Shymkent
11 марта, 2026
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ СОЗАҚ АУДАНЫНДА 4 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛД

Еліміздегі Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Бұл күні Созақ ауданында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен ағаш егу жұмыстары қарқынды іске асырылды.
Мереке қарсаңында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов және еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары аудан орталығында орналасқан «Абай» саябағына арша ағашын отырғызды. Онда аудан басшысы ауылдар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Айта кетейік, Жаңару күнінде ауданда 4 мыңнан астам тал көшеті егіліп, созақтықтар бұл күнді жақсылықпен атап өтуде. Егілген көшеттердің 500-ден астамы арша ағашы болса, қалғаны – қарағаш көшеттері.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Маңғыстаудағы ереуіл: ҚМГ-да West Oil Software жұмысшыларына төленетін төлемдердің мөлшері анықталды

admin

Кеше Алматыда митинг болды

admin

ТЖД қызметкерлері алматылықтардың пәтерлерін аралап жүр

Пікір қалдырыңыз