adilettv Ақпарат Білім Жаңалықтар Қоғам Полиция Регион Шымкент

Жас сақшыларға киберқауіпсіздік сабақтары өткізілді

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №36 жалпы орта білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, әлеуметтік желілердегі алдау тәсілдері, жалған инвестициялық ұсыныстар және жеке деректерді қорғау жолдары түсіндірілді.

Сондай-ақ оқушыларға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің киберқауіпсіздік сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде сақтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ Н.НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫНАН БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫНА ОҢ ЖАҚ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ

Admin

№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Admin

Пікір қалдырыңыз