adilettv Ақпарат Білім Жаңалықтар Қоғам Полиция Регион Шымкент

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: қауіпсіз қоғам – саналы ұрпақ

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.П. Чехов атындағы № 21 жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларға сталкинг, қыз алып қашу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында түсіндірме лекция өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Кездесу барысында аталған мәселелер бойынша маңызды ақпараттар беріліп, заң талаптары түсіндірілді. Оқушыларға өз құқықтарын білу, қауіпсіздік шараларын сақтау және қандай да бір құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда тиісті органдарға жүгіну қажеттігі ескертілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА 2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ПИЛОТСЫЗ ЖҮК ТАРТҚЫШ КӨЛІКТЕР МЕН ҮШ ЖАҢА МАРКАЛЫ АВТОМОБИЛЬДЕР ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Admin

Испания мен Италияда батыс әскерлерін Украинаға жіберу туралы мәлімдеме жасалды

Пікір қалдырыңыз