14.3 C
Shymkent
6 октября, 2026
adilettv Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Технология Түркістан

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС БАСТАЛДЫ

Премьер-министр әкімдіктердің жұмысына назар аударды.

Бір өңірден басқасының бәрі тапсырманы мерзімінде орындады: облыс әкімінің орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Бүгінде жылу 11 өңірде беріле бастады.
«Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шықты. Осыған байланысты Премьер-министр Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ БІРҚАТАР ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Admin

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГФР ФЕДЕРАЛДЫҚ КАНЦЛЕРІ ОЛАФ ШОЛЬЦПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕЛГІСІЗ ЕР АДАМДАР 12 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ КӨЛІКПЕН АҢДЫҒАН

Admin

Пікір қалдырыңыз