19.3 C
Shymkent
21 мая, 2026
adilettv

21 МАМЫР – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

21 мамыр – мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген жандардың кәсіби мерекесі. Бұл атаулы күн Қазақстанда 2013 жылдан бері ресми түрде аталып келеді. Аталған мереке – ел руханиятын дамытуға үлес қосып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлеріне көрсетілетін ерекше құрмет пен ризашылықтың белгісі.

Мәдениет – ұлттың рухани байлығы, тарихи жады мен ұлттық болмысының айнасы. Ал өнер – адам жанына әсер етіп, қоғамның эстетикалық талғамын қалыптастыратын, рухани құндылықтарды дәріптейтін маңызды сала. Халықтың дүниетанымы, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары мәдениет арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Бүгінде театр, кітапхана, музей, архив, мәдениет үйлері, концерттік ұйымдар мен шығармашылық орталықтарда еңбек етіп жүрген мамандар елдің мәдени өмірін дамыту жолында аянбай қызмет атқаруда. Олар ұлттық мұраны сақтап, тарихи құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне де зор үлес қосып келеді.

Өнер адамдары мен мәдениет қызметкерлерінің еңбегі – қоғам үшін аса маңызды. Ән мен күйді, әдебиет пен сахна өнерін, бейнелеу өнері мен қолөнерді дамыту арқылы олар халықтың рухани әлемін байытып, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне жол ашады. Әсіресе, ұлттық өнерді жаңғыртып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын әлемге танытудағы еңбектері ерекше құрметке лайық.

Бұл күн – мәдениет пен өнер саласының майталмандарына алғыс айтып, олардың қажырлы еңбегін бағалайтын мереке. Ел руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, зор денсаулық, толағай жетістіктер мен шабыт тілейміз!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БІР КҮНДЕ 5 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

AdiletTV

В Шымкенте растет бюджетная самостоятельность: конкретные шаги, ориентированные на потребности населения

AdiletTV

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР: ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз