24.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
Қоғам

8 наурыз күні Шымкентте жан түршігерлік оқиға болды

Шымкентте жас жігітті жүк пойызы қағып кетіп, мерт болды. Елді дүрліктірген оқиға 8 наурыз күні Жиделі Байсын көшесінде болды, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм шамамен 18-20 жаста. Пойыз жігітті 20-30 метрге дейін сүйреп, кейін тоқтаған. Көлік полициясы оқиғаның жай-жапсарын әзірге жарияламады. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл факті бойынша тергеу жүріп жатқанын ғана хабарлады.

«Аталған факті бойынша Шымкент стансасының желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.Өзге мәліметтерді жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін.», — деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: бес адамның өліміне себеп болған автобустың жүргізушісіне сот үкімі шықты

Қазақстанда қолма-қол ақша қайтадан танымал болды

admin

Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі мореналық көлдердің жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарланды.

admin