Қоғам

Премьер-министр Бектенов Ресей мен Өзбекстанға барады

Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресей мен Өзбекстанға барады, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз айында Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектеновтың Ресей Федерациясына және Өзбекстанға жұмыс сапары жоспарланған.

Мәскеуде Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды.

Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөздер өткізеді, оның барысында сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шавкат Рахмонов өсіп келе жатқан UFC жұлдызынан батыл шақыру алды

Президент Алматы әкімін қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрлігінде пияз өнімінің жоғалғаны туралы ақпарат түсіндірілді

admin