adilettv

2027 жылы елімізде 1,7 мыңға жуық 4G және 5G базалық стансасы салынады

2027 жылы елімізде 1 мыңнан астам 4G базалық станса және 628 5G стансасын салу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар мобильді байланыс желісінің қамту аясын кеңейтуге, интернет сапасын арттыруға және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Бұл туралы Үкімет отырысында Kcell компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жамбакин мәлімдеді.
Соңғы екі жылда оператор 1,3 мыңнан астам 5G базалық стансасын және 2,7 мыңнан астам 4G стансасын салған. Биыл байланыспен қамтамасыз ету міндеттемелері аясында қамтылуы тиіс 611 ауылдық елді мекеннің 566-сы 4G желісіне қосылды. Қалған 45 ауылды жыл соңына дейін қосу жоспарлануда.
«2027 жылы тағы 1 060 4G мен 628 5G стансасын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатқа 45 млрд теңге инвестиция бағытталады», — деді Асқар Жамбакин.
Сондай-ақ Астана – Көкшетау және Астана – Қарағанды бағыттары байланыспен толық қамтылды. Астана –Павлодар және Шымкент – Түркістан бағыттарындағы жұмыстарды аяқтау үшін 1 қаңтарға дейін тағы үш базалық стансаны іске қосу жоспарланып отыр.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛИМЕНТКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙДІ: ДЕРЕК ПЕН НӘТИЖЕ

Admin

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ КЕШЕНДІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Admin

Пікір қалдырыңыз