adilettv

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Адал азамат» қағидаты негізінде отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған «Ұлттық рух – басты құндылық» атты дөңгелек үстел өтті. «Достық» үйінде өткен басқосуда «Ұлттық рух – басты құндылық» кітабы таныстырылды.

Кітапта елге адал қызмет етіп, еңбегімен, адамгершілігімен, азаматтық болмысымен көпшілікке үлгі болып жүрген жандардың өмір жолы енгізілген.
Тағылымды кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық рух пен отаншылдық тәрбиенің маңызына тоқталды.
Кітаптың мазмұны мен жарық көру мақсаты туралы «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова баяндады. Сонымен қатар басқосуда кітап кейіпкерлеріне құрмет көрсетілді.
Дөңгелек үстелде желтоқсаншы Клара Қожамұратова «Елім» деп соққан жүрек ешқашан мұқалмайды» тақырыбында ой бөлісті. Түркістан облысының құрметті азаматы, мәдениет қайраткері, археолог Марат Тұяқбаев отандық археология мен тарих ғылымының дамуы жөнінде сөз қозғады. Ал батыр ана Түймегүл Ердешқызы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетудегі ізгілік жолы туралы әңгімеледі.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БОЛЕЕ 16,8 ТЫС. ЭТНИЧЕСКИХ КАЗАХОВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС КАНДАСА В 2025 ГОДУ

Admin

Шымкент қаласы: «Собрание на тему: «Законодательные требования для молодежи, предупреждение правонарушений, наркотической зависимости и профилактика азартных игр»

Admin

ОРДАБАСЫДА ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз