22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат Шымкент

ҚАЛА ІРГЕСІНДЕГІ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ӨРТЕНДІ

Шымкент қаласының іргесіндегі жасыл белдеу өртенді. Қызыл жалын орманды даладағы бірнеше шаршы метрге таралды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бүгін ұйымдастырған өрт-тактикалық оқу-жаттығу жұмыстарының сценарийі.

Өрттің басталғанына шамамен 20 минуттай уақыт өтті. Өрт сөндірушілер жаңа келіп тұр. Олар енді ғана өздерінің жұмыстарына кірісті. Ал, бұған дейін орманшылар өз күштерімен тілсіз жауды біраз ауыздықтап, жайылуына жол бермей ұстап тұрды. Қазір Төтенше жағдайлар қызметкерлері бөлек штаб құрады да жағдайды бағамдап, ары қарай жұмыс істейтін болады.

Дабыл көтерілісімен оқиға орнына Жсыл жер сияқты коммуналдық мекемелер мен қалалық төтенше жағдайлар департаменті де жетті. Алдымен Тракторлар жер жыртып, оттың таралуына тосқауыл қойды. Жаттығудың көздегені де осы. Түрлі сала қызметкерлерінің ортақ жұмысын жүйелеу.

Өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жоспарлы түрде өтетін шаралардың бірі. Сондықтан тілсіз жаудың алдын алу үшін барлық сақтық ережелерін білген абзал. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Шымкент қаласының аумағындағы орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтеншеліктер өрт-тактикалық оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп тұрады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ӨТТІ

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз