adilettv

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АТШАБАРДА КӨКПАРДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы заманауи атшабарда көкпардан ересектер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға өңірдің аудан-қалаларынан 9 команда қатысып, чемпиондық атақ үшін бақ сынады.

Жарысқа Арыс қаласы, Шардара, Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт және Сауран аудандарының командалары қатысып, көкпар алаңында тартысты ойын көрсетті.
Бәсекенің шешуші кезеңінде Қазығұрт және Түлкібас аудандарының құрамалары финалға жолдама алды. Бас жүлде үшін өткен ақтық кездесуде қазығұрттық шабандоздар басымдық танытып, қарсыласын 4:2 есебімен жеңді. Осылайша, Қазығұрт ауданының командасы облыс чемпионы атанды. Түлкібас ауданы күміс жүлдені иеленсе, Жетісай ауданының құрамасы үшінші орынға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров пен облыстық көкпар федерациясының президенті Ғани Ахметбаев, облыстық көкпар федерациясының вице-президенті Нұрғали Мылтықбаев марапаттады. Үздік командаларға арнайы медальдар, алғыс хаттар мен кубоктар табысталды.
Ұлттық спорттың өрісін кеңейтіп, көкпар дәстүрін дәріптеуге бағытталған чемпионат өңір шабандоздарының шеберлігі мен командалық рухын тағы бір мәрте айқындады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚЫЗ ЗОРЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ШЕНЕУНІК АУРУХАНАДА КӨЗ ЖҰМДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР САНЫ АРТУДА

Admin

Шымкенттік оқушы жаңа сейсмотұрақтылық​ құрылғысын ойлап тапты

Пікір қалдырыңыз