adilettv

КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖЫЛЫНА 20 ТОННАДАН АСТАМ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНДІРЕДІ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

Соның бірі – «Абдашим» шаруа қожалығы. Кәсібін шағын үй іргелік диқаншылықтан бастаған шаруа иесі бүгінде бір гектар аумақта заманауи үлгідегі жылыжай шаруашылығын жолға қойған. Кореялық технология негізінде салынған жылыжайда жылына екі рет өнім алынады. Көктем мезгілінде қызанақ пен қияр өсірілсе, күзгі маусымда қырыққабат егіледі.

Бүгінде жылыжайда 10-ға жуық жұмысшы тұрақты еңбек етеді. Ал өнім жинау науқаны кезінде қосымша жұмыс күші тартылады.
Кәсіпкердің сөзінше, қазіргі таңда жылыжайда күзгі қырыққабат пісіп, гектарынан шамамен 20-25 тонна қырыққабат жинау жоспарлануда.
Жиналған өнім Кентау және Түркістан қалаларындағы сауда орындарында саудаланады. Сонымен қатар, кәсіп иесі өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында қосымша 3 гектар жерге жылыжай салу жұмыстарын қолға алған.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В КАЗАХСТАНЕ ПРОЙДЕТ XVI-ЧЕМПИОНАТ АЗИИ ПО СПОРТИВНОЙ СТРЕЛЬБЕ !

Admin

Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Түркістан облысы жалпыкомандалық есепте топ жарды

Admin

Шымкент қаласы: «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Admin

Пікір қалдырыңыз