Ақпарат

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ӨТКІР МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өзекті мәселелер ашық айтылды. Тұрғындар күрмеуі шешілмеген түйткілдерді тарқатып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды облысты, ауданды дамыту жұмыстарын қысқаша баяндап, тұрғындардың сұрақтарын тыңдады.

Ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 43 пайызға өсіп, 2023 жылы 277 млн. теңгеге жеткен. Биыл 3 айда бұл көрсеткіш 48 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өскен. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 35 млрд. теңгені құрап, жоспар 9 млрд.теңгеге артығымен орындалды.

Кездесуде Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың есебінен кейін тұрғындардың өтініштері, сұрақтары тыңдалды. Сарыағаштықтар білім саласындағы жемқорлық, газбен қамту, ауыз су, пәтер, денсаулық сақтау, тазалық және өзге де салаларға қатысты мәселелерді көтерді. Одан кейін облыс әкімінің жеке қабылдауы өтті. Оған басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының бастықтары қатысты. Мұнда да түйткілдер тарқатылып, арыз-шағымдар, өтініштер тыңдалды. Әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі.

Бөлісу

Related posts

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАМАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

AdiletTV

Алматыдағы автобус апаты: ата-анасынан айырылған жәбірленуші қатаң жаза талап етті

ШЫРАЙЛЫ ҚАЛАМЫЗДА ДЭВИС КУБОГІ МЕН БИЛЛИ ДЖИН КИНГ КУБОГІНЕ АРНАЛҒАН АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

AdiletTV

Leave a Comment