Ақпарат

Әр жеңімпазға — 1 миллион теңге: жұмыс істейтін жастар арасында жаңа конкурс жарияланды

Конкурсқа өтінім қабылдау 2024 жылғы 18 маусымнан 21 шілдеге дейін жалғасады.

Қазақстанда жас мамандар арасында «Jas Kenes Siylygy» байқауы жарияланды, деп жазады sputnik.kz. Конкурс президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат — жас мамандарды қолдау және ынталандыру. Байқауға 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер аталатын 7 номинация бойынша қабылданады. Олар: «Janqiarlyq», «Altyn jürek», «Önerkäsıp», «Bolaşaq turaly qamqorlyq», «Adamgerşılık», «Kömek qoly» және «Bızdıñ üi». Негізгі ақпараттан басқа үміткерлер ұсыныс пен мотивациялық хат ұсынуы керек. Іріктеуден кейін сыйлықтың құрылтайшыларымен сұхбат өткізіледі. Соның нәтижесінде әр номинация бойынша екі жеңімпаз таңдалады. Ал «Jas Kenes Siylygy» лауреаттары 1 миллион теңге сыйақы алады. «Jas Kenes Siylygy» жобасының басқа конкурстардан айырмашылығы, басшылар мен топ-менеджерлер қатыса алмайды. Жобаның мақсатты аудиториясы – жас мамандар. Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды экономикалық салаларда жұмыс істейтін, күнделікті еңбегі көптеген отандастар үшін жиі көзге түспейтін жас қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында беріледі», – дейді кеңестің мүшесі Әділ Құсманов. Конкурсқа өтінім қабылдау 2024 жылғы 18 маусымнан 21 шілдеге дейін жалғасады. Оны Jaskenes.kz/application сайтында беруге болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

AdiletTV

«Су деңгейі түспей тұр»: Ақтөбе облысындағы ауыл биіктігі үш метр суда қалды

AdiletTV

СҚО-да бір үйдің екі баласы өзіне қол жұмсаған

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз