23.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат

Бас бапкер Демеу Жадыраев жапон балуанымен белдесуде қандай қателік жібергенін айтты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың Париж Олимпиадасының финалындағы күресі туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Демеу Жадыраев Олимпиада финалында жапон балуаны Нао Кусакамен белдесіп, 5:2 есебімен жеңілді.

«Жақсы күресті, бірақ ептілік жетіспеді. Бір сәтте тепе-теңдікті жоғалтып алды. Жапон балуаны осы сәтті пайдасына асырды. Өте өкінішті. Барынша талпынды. Алайда Демеу финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленді. Бұл – үлкен жетістік. Бізді қолдаған жандардың бәріне алғыс айтамын», — деді Юрий Мельниченко журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдесі бар.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНЫП ЖАТҚАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Admin

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылды

Admin

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАНДА EGOV GPT АРҚЫЛЫ 150-ГЕ ДЕЙІН ҚЫЗМЕТТІ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Admin

Пікір қалдырыңыз