32.3 C
Shymkent
17 июля, 2025
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында дені сау ұрпақ-қуатты мемлекет атты жиын өтті

Өмір — адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Иә, денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор.
«Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану-барлығы салауатты өмір салтына жатады. Бүгінгі күні қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының балабақшалардың, мектептердің, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Бір сөзбен айтқанда ДЕНІ САУ- ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ. Дені сау ұрпақ – болашақтың кепілі. Өйткені кез –келген елдің негізгі байлығы оның халқы. Еліміз тәуелсіз, дамыған, өзін қорғай алатын мемлекет болуы үшін ең бірінші халқы сау, жағдайы жақсы болуы керек. Тек сонда ғана әр халық өз елі, болашағы, ұрпақтан ұрпаққа қалар кең байтақ жер үшін күресе алады. «Профилактикалық медицина – аурулардың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті» деп айтады. Яғни, салауатты ұрпақпен ғана қуатты Қазақстанға айналарымыз сөзсіз. Дені сау азаматтар-мемлекеттің ең бағалы капиталы.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды АПВ -ға қарсы вакцинациялау басталды

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық аруханансында жүрек күнін түсіндірді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында құтыру ауруының себептері туралы түсіндірілді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз