adilettv

Шымкент қаласы: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

​Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында, сондай-ақ білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы барлық орта арнаулы оқу орындарында студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәрістер өткізілуі жалғасуда.
​Кезекті іс-шара Шымкент аграрлық-техникалық колледжінде өткізілді.
​Аталған іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Психикалық денсаулық орталығының және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
​Дәріс барысында мамандар жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
​Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертілді.
​Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттің қазіргі негізгі инвестициялық жобалары: 2025 жылғы жаңа белестер

AdiletTV

ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АТЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

AdiletTV

ШЕТЕЛДІКТЕР ЖАҢА ТУҒАН СӘБИЛЕРДІ ҚАЗАҚСТАННАН АЛЫП КЕТПЕК БОЛҒАН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз