3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Әл-Фараби АПБ-де тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 6 рет кездесу өтті

Қазақстан Республикасының ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1097 бұйрығымен бекітілген ҚР ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бұйрығын басшылыққа ала отырып, Шымкент ҚІІБ-ның Әл-Фараби АПБ-нің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі» тобында 2024 жылдың 10 айында төмендегідей біршама жұмыстар жүргізілді. Шымкент ҚПД-нің Әл-Фараби АПБ-де 2024 жылдың 10 айында әйелдерге қатысты — 271 қылмыс тіркелді, оның — 9 отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында, аталған қылмыстар тұрғылықты жері бойынша жасалған, 266 — қылмыс қоғамдық орындарда жасалған. Сонымен қатар 5-қылмыс ұрыстан немесе нашар қарым-қатынастарға байланысты жасалған қылмыстар, 89 — қылмыс бұзақылық әрекеттен жасалған.
«Самғау», «Сана-сезім» және «Көмек», «Ана үйі» мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарымен (психолог, заңгер т.б.) бірлесе отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 15 әйелдердің тұрғылықты мекен-жайына барып, туындаған мәселері бойынша құқықтық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан акциясы аясында», «Менің отбасымның портреті», атты акция негізінде, «Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру жолдары», «Тәрбиенің негізі-әйел» тақырыптарында Әл-Фараби ауданының әкімшілік ӘІ жөнінде инспекторларымен бірлесе отырып, жастар ресурстар орталығы өкілдерінің қатысуымен медициналық мекемелер мен ұйымдарда 6 кездесу өткізілді.
Қазақстан Республикасының ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1097 бұйрығымен бекітілген ҚР ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бұйрығын басшылыққа ала отырып, аудан аумағында орналасқан базарлар мен ірі сауда орталықтарында әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында брошуркалар мен визиткалар таратылып жұмыстар атқарылды.
Аудан аумағында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне тиісті ден қою шаралары қабылданып, күнделікті талдау жүргізіліп отыр. Қайта жасалынған өтініштерге, сондай-ақ дағдарыс орталықтарына жүгінген 7 әйелдерге ерекше назар аударылып жұмыстар атқарылды.
Зорлық-зомбылық нысандары, түрлері мен тәсілдері, зорлыққа көп душар болатын әйелдер санаттары мен оларды жасайтын тұлғалар туралы, сондай-ақ әйелдерге қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлар жөніндегі мәліметтерді күн сайын талдау жүргізілуде.
2024 жылдың 10-айында Шымкент ҚПД-ның Әл-Фараби АПБ-де отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әйелдерге қатысты 665-құқық бұзушылық (73 б.) және 988 қорғау нұсқамасы(2023ж -779) толтырылды.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша Шымкент ҚПД-ның Әл-Фараби АПБ-де 195 мінез құлқына ерекше талап (2023 ж-55) қойылған.
Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби АПБ-де әйел тұлғаларымен жасалған суицид және суицидке оқталуы бойынша 2024 жылғы 10-айының қорытындысымен 5-суицид тіркелген, оның ішінде өз өзіне қол жұмсауға ұмтылғандары-3 санды құрады.
2024 жылдың 10 айында 159-дәрістер және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Оның ішінде, жоғары және орта арнайы оқу орындарында-63 (оның ішінде қатысқан азаматтардың саны-4000), орта білім беру мектептерінде-54 (оның ішінде, қатысқан азаматтар саны-2500), мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелерде-42 (оның ішінде қатысқан азаматтар саны-1550) құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланған сөз сөйлеулердің санына келетін болсақ: БАҚ жарияланған сөз сөйлеулер саны-32, оның ішінде телевидение арқылы-14, баспасөз басылымдарда-13, радио арқылы-5,ақпарат агенттіктерінде-2 жарияланған.
2024 жылдың 10-айында Шымкент ҚПД-ның Әл-Фараби АПБ-нің ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен, криминалдық полиция қызметкерлерімен, тергеу бөлімі және ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе іс-жоспарға сай профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-нің ӘЗЗҚ
инспекторы полиция лейтенанты Н.Төлеген

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: МӘМС 2024 жылы жұмыс берушілер мен бірнеше жерде жұмыс істейтін адамдар қанша жарна төлейді?

AdiletTV

«Мұндайға қарсымын»: Дана Нұржігіт Олимпиададағы спортшылар туралы айтты

AdiletTV

МӘДЕНИЕТ ОРДАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТСІЗДІК

AdiletTV

Leave a Comment