adilettv

Кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірілді

Кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында өрт қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрболат Педен, рестораторлар мен кәсіпкерлер қатысты.

Өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрболат Педен департамент бақылауындағы нысандарда қалыптасқан өрт қауіпсіздігінің жағдайы туралы ақпарат беріп, өрттердің алдын алу бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қабылдаған шараларды баяндады.

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мемлекеттік реттеу нысандарының бірі болып табылады. Ол адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Нұрболат Педен.

Жиында, сондай-ақ, өрт бақылау басқармасының бас маманы Б.Асанхан ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге, жоспарлау жүйесін автоматтандыруды енгізуге байланысты мемлекеттік өртті бақылауды жүзеге асыру саласындағы жаңа реттеу саясаты туралы баяндама жасады.

Жалпы, жаңа реттеу саясаты және мемлекеттік бақылауды автоматтандыру профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдеріне енгізілетін нысандарды іріктеу кезінде адами факторды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, бизнес-ахуалды жақсартуға, бизнеске жүктемені азайтуға бағытталған.

Департамент мамандары дөңгелек үстел барысында бизнес-қоғамдастық өкілдеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар берді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

“Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз” атты әскери-патриоттық сайыс өтті

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАҒАН РЕЦИДИВИСТ ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

В Туранском АПБ ДП Шымкент за 11 месяцев 2024 года зарегистрировано 395 преступлений в отношении женщин.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз