adilettv

АТЫРАУДА БҮТІН БІР ОТБАСЫНЫ ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКТІ СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВ ҚАЙЫН АПАСЫН 32 РЕТ ПЫШАҚТАҒАНЫН МОЙЫНДАДЫ

Жауап алу барысында ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтты. Сәрсемәлиевтің сөзінше, ер адам «абайсызда» қаза болған, ал өзі сол сәтте тек өзін қорғағанын айтты.

Сонымен қатар басқа эпизодтар бойынша айыпталушы әрекеттерін қасақана жасағанын мойындады. Ол Максот Қарабалинге тоғыз рет пышақ сұққанын, Үтешқалиеваға – сегіз рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға – 32 пышақ жарақатын салғанын растады.

Сондай-ақ Сәрсемәлиев ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындады. Оның айтуынша, кісі өлтіргеннен кейін ол бұл әрекеттерді қылмыстың ізін жасыру үшін жасаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қаза тапқандар айыпталушының қайын жұрты болған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ – БІРЛІК ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕРЕКЕСІ

Admin

БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰСЫНЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ҚУАТТЫЛЫҒЫ 36 МВТ ҚОСЫМША СТАНЦИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз