16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ҚАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН АЛДАҒЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Отырыс барысында жылыту маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, газбен улану және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар, сондай-ақ, жаппай сырғанауға арналған мұз алаңдарын, қысқы демалыс қоғамдық аймақтарын ұйымдастыру, қаланы жаңа жылдық безендіру тұжырымдамасы қаралды.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжановтың айтуынша, жеке үйлердегі иіс газынан уланудың негізгі себептері газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуі және жуынатын бөлмелерде газ су жылытқыштарын орнату болып табылады. Көп пәтерлі үйлердегі негізгі себептер – газ құрылғыларын желдету арналарына қосу және мұржалардың бітелуі. Осы мәселелерді шешу үшін үй ішіндегі газ жабдықтарына қызмет көрсету, сондай-ақ, мұржалар мен желдету арналарын бір рет тазалайтын компанияларды анықтауға конкурс өткізілетін болады.
Көп пәтерлі үйлердегі коммерциялық жайларда газ баллондарын пайдаланудың алдын алу мақсатында газтехникалық қызмет Төтенше жағдайлар департаментімен бірге кәсіпкерлер арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда 355 нысан тексеріліп, 7 тұрмыстық газ баллоны анықталды. Баллондар тәркіленіп, шаралар қабылданды, тәртіп бұзушыларды жауапқа тарту жұмысы жүргізілуде.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев Шымкентте жаңа жылды мерекелеуге арналған 20 мәдени іс-шара өткізу жоспарланғанын баяндады. Басты мерекелік іс-шара 18 желтоқсанда өтіп, Астана алаңында қаланың басты шыршасы салтанатты түрде жағылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін 13 мыңға жуық тұлға жауапқа тартылды

Admin

Б. ЖЕКСЕНБАЙ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА БАСТАЛҒАН РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ЖАЛҒАСЫ

Admin

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз