-1.7 C
Shymkent
16 декабря, 2025
adilettv

ӘКІМ, ЕКІ ЖЫЛДА ШЫМКЕНТТІ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚТАНДЫРДЫ: ЖЫЛ СОҢЫНА 100%-ҒА ЖЕТЕДІ

Шымкент қаласында соңғы екі жыл ішінде көшелер мен жолдарды жарықтандыру бойынша бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жайлы және заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, атқарылған жұмыстар рекордтық көрсеткіштерге жетіп, инфрақұрылым саласында жаңа стандарттарды орнатты.

Қала тұрғындары үшін жайлы және қауіпсіз орта жасау — қала әкімдігінің негізгі басымдықтарының бірі болып отыр. Орталық көшелер мен шағын аудандардағы түнгі жарықтандыруға ерекше көңіл бөлінуде, себебі бұл пешеходтердің, жүргізушілердің және қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. 2023 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 115 көше ғана жарықтандырылып, жалпы қамту деңгейі 30%-ды құраған. Сол кезеңге дейін қалада барлығы 2 028 көше жарықтандырылған болатын.

Соңғы екі жылда көшелерді жарықтандыру көлемі 40 есе артты. Қосымша 4 686 көше жарықтандырылып, осы жылдың соңына қарай жарықтандыру деңгейі 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар аясында көшелер бойына 95 223 заманауи жарықтандыру құрылғысы орнатылды. Олар энергия тиімділігі жоғары, жарықтың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді және қалалық ортаны қауіпсіз әрі көрікті етеді.

Сондай-ақ, осы кезеңде қаланың барлық көшелерін кешенді паспортизациялау жүргізілді. Бүгінгі таңда Шымкентте 6 882 көше бар, олардың жалпы ұзындығы 3 840 шақырымнан асады. Паспортизация жарықтандыру желілерінің жағдайын жүйелі түрде бақылауға, проблемалық аймақтарды анықтауға және инфрақұрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік берді.

Айта кету керек, Шымкент – қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, ол заман талабына сай жаңарып отырады. Соңғы екі жылда жүзеге асырылған инфрақұрылымдық өзгерістер қала көшелерін толық жарықтандыруға жол ашып қана қоймай, басқа қалалар үшін үлгі боларлық жаңа стандарттарды енгізді.

Қалалық инфрақұрылымды жетілдіру аясында тұрғындар енді кез келген уақытта қауіпсіз жүріп-тұра алады, ал қала заманауи, жайлы және технологиялық тұрғыдан дамыған келбетке ие болды. Жарықтандыру жүйесін дамыту жұмысы жалғасады: ескірген жарық құрылғыларын энергия тиімді LED-жарық көздерімен ауыстыру, желілерді интеллектуалды басқару жүйесіне қосу жоспарланған. Бұл Шымкент қаласын халықаралық стандарттарға сай, қауіпсіз әрі жайлы мегаполис ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЛІССӨЗ БАРЫСЫНДА САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРА ТҮСЕТІН ЖАҢА БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛҒАНЫН ЖЕТКІЗДІ

AdiletTV

В Шымкенте прошел традиционный Единый день отчета

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз