13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

ДӘМХАНАДА ГАЗ ЖАРЫЛЫП, 5 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Оқиға 19 қаңтар сағат 17:45-те Ақтөбе облысында болған. Жарылыс ғимарат шатырының бір бөлігін ұшырып әкеткен. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан ғимарат ішінде жалын тұтанғанын көруге болады
Зардап шеккендер 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, денесін 20% күйік шалған. Қалған төрт адам травматология бөлімшесіне жатқызылған.
Төтеншеліктердің мәліметінше, жарылыс ғимарат ішіндегі су ысытатын газ жабдығынан шыққан. 12 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасы жарылып, ғимараттың бір бөлігі қираған.
Қазір жарылыс себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ал Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз