31.3 C
Shymkent
26 августа, 2026
adilettv

ИНТИМДІК ФОТОМЕН БОПСАЛАП, 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАЛАП ЕТКЕН

Оқиға Маңғыстау облысында болған. Аталған дерек бойынша 26 жастағы жәбірленуші полицияға жүгінген.
Оның айтуынша, 26 жастағы ер адам жәбірленушінің интимдік сипаттағы суреттерін желіге жариялаймын деп қорқытқан. Онымен қоймай туыстарына жіберетінін айтқан. Оны таратпау үшін 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.
17 қаңтар күні алдымен 200 мың теңге аударуды сұраған. Ал қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен. Ақшаны шот арқылы аудартпақ болған. Нәтижесінде 17 қаңтарда Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екіншісінен қара түсті iPhone 11 телефондары тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА 2 МЫҢНАН АСТАМ МАМАН ҚАЖЕТ

AdiletTV

ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ

AdiletTV

300-ГЕ ЖУЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз