adilettv

ДӘМХАНАДА ГАЗ ЖАРЫЛЫП, 5 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Оқиға 19 қаңтар сағат 17:45-те Ақтөбе облысында болған. Жарылыс ғимарат шатырының бір бөлігін ұшырып әкеткен. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан ғимарат ішінде жалын тұтанғанын көруге болады
Зардап шеккендер 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, денесін 20% күйік шалған. Қалған төрт адам травматология бөлімшесіне жатқызылған.
Төтеншеліктердің мәліметінше, жарылыс ғимарат ішіндегі су ысытатын газ жабдығынан шыққан. 12 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасы жарылып, ғимараттың бір бөлігі қираған.
Қазір жарылыс себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАУ – ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ!

AdiletTV

ҚЫЗ ЗОРЛАҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛҒАН ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРГЕ ТАЛАСТЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ АСПАНЫНДА ЕКІ ҰШАҚ СОҚТЫҒЫСА ЖАЗДАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз