adilettv

“ХАТ ЖАЗЫП КЕТКЕН”: АЛМАТЫДА 16 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ

Ол 27 қаңтарда Розыбакиев пен Сәтпаев көшелерінің маңында төбеден секірген болған. Куәгерлердің айтуынша, ол хат қалдырған.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Жасөспірім кәсіпкер Қанат Амиркиннің қызы болып шықты.
«Бүгін – менің өмірімдегі ең қаралы күндердің бірі. Қызымды мектептен тікелей ауруханаға алып кеткенін естідім», — деп жазды ол желідегі парақшасында.
Амиркиннің айтуынша, қызы мектепте буллингке ұшыраған. Әкесі мектеп басшылығына жағдайды айтып, мәселені шешуді талап еткен. Басшылық мәселені шешудің орнына салқынқандылық танытып, формальды жауаптар айтып, жағдайды «көрмегендей» кейіп танытқан.

Қазір кәсіпкердің қызы жансақтау бөлімінде. Қанат Амиркиннің айтуынша, қызы сабақ барысында дұрыс жауап бере алмаса сыныптастары мазақ қылады екен. Ал мұғалімдер оқушыларды тоқтатпайтын көрінеді.

«Бүгін мен мектепке ашуға булығып бардым. Өйткені балаң жансақтау бөлімінде жатқанда, сабырлы дауыспен сөйлесу мүмкін емес. Басшылықтан тек бір адам ғана адекватты сөйлесті. Қалғандары — менмендік танытты», — деді кәсіпкер.

Қанат Амиркин қызын экс-әкімнің қызы қорлап жүргенін жасырмады. Бірақ, кәсіпкер бұл мәселені жария түрде көтеретінін, жекеменшік мектептердегі педагогтарды аттестациялау жүйесін енгізуді талап ететінін мәлімдеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

AdiletTV

ҚОНАЕВТА ҚАТТЫ ЖЕЛ ШАТЫРЛАРДЫ ҰШЫРЫП ТҮСІРДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз