27.3 C
Shymkent
1 апреля, 2026
adilettv

ЗАҢСЫЗ АЛКОГОЛЬ ӨНДІРЕТІН ЖАСЫРЫН ЦЕХ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтың қызметін тоқтатты. Тергеу амалдарына сәйкес, Семей қаласының тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндіруді ұйымдастырған. Орынжайлар мен гараждарда спиртті сумен араластыру арқылы алкоголь дайындалып, кейін танымал брендтердің атауымен шыны бөтелкелерге құйылған. Өнімге заңды сипат беру үшін алдын ала қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркалары пайдаланылған.

 Тінту барысында заңсыз айналымнан «Finsky Ice» және «Сибирские морозы» атауларымен 12 мыңнан астам бөтелке алкоголь, 8 мыңнан аса бос бөтелке, 10 мың литрден астам спирт құрамды сұйықтық, жалған маркалар, сондай-ақ өндіру және буып-түю жабдықтары тәркіленді. Соттың санкциясымен цех орналасқан жекеменшік үйге, сондай-ақ өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды.Ұйымдастырушыға қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В РАЙОНЕ КАЙНАРБУЛАК В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИТСЯ СТРОИТЕЛЬСТВО ЭЛЕКТРИЧЕСКИХ СЕТЕЙ

AdiletTV

Шымкентте Республика күніне орай 60-тан астам полицей марапатталды

AdiletTV

ӘСКЕР ӨЛІМІ: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР САРБАЗ КӨЗ ЖҰМДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз